Құрметті ардагерлер, баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз!
Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек.
Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мұндай мерекеден тыс қалмады және дәстүр бойынша зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлеріне барып, символикалық сыйлықтар сыйлады.
Алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен ардагерлерімізге осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мерекелеріңіз құтты болсын дейміз.
Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!