ӨЗІН-ӨЗІ ОҚШАУЛАУ РЕЖИМІН БҰЗУШЫЛАР

ӨЗІН-ӨЗІ ОҚШАУЛАУ РЕЖИМІН БҰЗУШЫЛАР

Қазіргі уақытта облыс аумағында «ASHYQ» жобасына 7396 субъекті қатысуда, оның ішінде: ресми қатысушылар – 6854, 542 нысан сынақ режимінде өтуде.

Күн сайын мониторингтік топтар карантин режимінің бұзылуы және бизнес нысандарының шектеу шараларын сақтамау фактілерін тексеріп, тіркеуде. Бүгінгі күні жобаға қатысып отырған 58 нысанда бұзушылық оқиғалары анықталды.

Карантин режимін және шектеу шаралары талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша бизнес объектілеріне 2 млн. сстам сомаға айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 10-23 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында үйде оқшаулануды бұзғаны үшін облыстың 10 тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

14 күндік үй карантинін бұзып, әкімшілік шара қолданылған тұрғындардың тізімі:

1

Хасенов Муслим Каримович

г.Семей

2

Шумбаев Талгат Бексултанович

г.Семей   

3

Саудабаева Арайлым Турсынгазыевна

г.Семей

4

Ким Альмира Сабировна

г.Семей

5

Халиков Адильгазы Нурбекович

г.Семей

6

Кайрамбаева Гульджанат Айтмухаметовна

г.Семей

7

Нурпеисова Равия Слямовна

г.Семей

8

Кулимбаев Серик Турсунович

г.Семей

9

Иванищев Владимир Александрович

г.Семей

10

Шайдуллина Диана Дарыновна

г.Семей

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда бүгінде 1,5 млн. теңгеден астам сомаға 35 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі облыс тұрғындарын оқшаулау режимін бұзбауға шақырады. Сондай-ақ, науқаспен қарым-қатынаста болған тұлғалар басқа да адамдарға вирусты жұқтырмау үшін өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауы тиіс.

Қазір облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйде. Коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны артып келеді. Өңірдің тұрғындары мен қонақтарына, кәсіпкерлік объектілеріне барлық шектеу және карантин шараларын сақтау ұсынылады.