Өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 1927 өнім сынамасына, оның ішінде 1187 тамақ өнімдерінің сынамасына және 740 халық тұтынатын тауарлардың сынамасына іріктеу жүргізілді. Мониторинг қортындысы бойынша өңірдегі азық-түліктер мен тауарлардың 28%-ы (541 сынама) тиісті нормаларға сай емес.
Іріктеуге алынған өнімдердің басым бөлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер елдерінде – 54% (1046 сынама), алыс және жақын шетел елдерінде – 27% (527 сынама) және отандық өндірушілерде 18% (354 сынама) жасалынған.
Зерттеуге азық-түліктердің негізгі топтарының барлығы алынды: сүт, ет, құс еті және балық өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, балалар тағамдарының өнімдері, шырын өнімдері, энергетикалық және алкогольсіз сусындар, алкогольді сусындар, жемістер, көкөністер және басқа да өнімдер.
ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша тағамдық өнімнің 214 (18%) үлгісі Кеден одағының (ЕАЭО) міндетті техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сәйкес емес деп танылған өнімнің басым көпшілігі ЕАЭО мүше мемлекеттердің өндірісі (66% немесе 142 сынама) мен өзге елдердің өнімдері (15% немесе 31 сынама). Қалған 19%-ы (41 сынама) – отандық өндіріске тиесілі.
Сәйкессіздіктердің 91%-ы (195 сынама) таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтарға келеді, бұл сауда объектілері таңбалауы дұрыс емес тамақ өнімдерін қабылдауды жалғастыратынын (дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары, пайдалану ұсынымдары мен шектеулері, өндіруші және басқа да бұзушылықтар көрсетілмеген) көрсетеді, бұл оның тұтынушыға өткізу сатысында қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін 7 сынама (аспаздық өнімдер және құс өнімдері) анықталды, 18 сынама (сүт, ұн, шырын өнімдері) физико-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді, қауіпсіздік көрсеткіші бойынша 9 сынама (құс, ет, ұн және аспаздық өнімдер) сәйкес келмеді, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер сатылған. Жарамдылық мерзімі өткен және микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін өнімдерді жеу өткір ішек инфекциясын, тамақтан улануды тудыруы мүмкін.
Мониторинг барысында өндірушілердің өнімдегі ылғалдың мөлшерін (мұздатылған құс еті, сары май) арттыру жолымен тұтынушыны алдау сипатындағы 3 факті анықталды.
Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 40 045 теңге сомасына 44,51 кг қауіпсіз емес тамақ өнімдерінің айналымынан шығарылды.
Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында ҚР аумағында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі орналастырылады. Сондай-ақ, бұл тізім Wipon мобильді қосымшасында ұсынылған, онда өнім туралы ақпарат штрих-кодты сканерлегеннен кейін экранға шығады.
Өнімдер туралы ақпаратты алдын ала біле отырып, денсаулыққа зиянды деп танылатын өнімнен бас тартып, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бар.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, сіз жазбаша түрде Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз.