2021 жылғы 12 маусымдағы №8 қаулысы бойынша БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

2021 жылғы 12 маусымдағы №8 қаулысы бойынша БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

2021 жылы 12 маусым күні күні Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық аймақтарында

COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №8 қаулыға қол қойды.

Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациялық аймақтары күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, бетперделік тәртіпті және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істейтін болады.

Мониторингтік топтар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған жүктеме негізінде келушілерді QR-код (check-in) бойынша ең аз тіркеу санымен «ASHYQ» жобасына қатысушы кәсіпкерлік объектілерге рейдтер жүргізетін болады.

Мониторингтік топтар «ASHYQ» жобасынан шығарылған кәсіпкерлік объектілері қызметін заңсыз қайта бастауға жол бермеу үшін оларды ерекше бақылауда ұстайтын болады.

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілерге келушілер (демалушылар) объектіге кіре берісте келуші статусын анықтау үшін «ASHYQ» мобильдік қосымшасының арнайы QR-кодын сканерлеу және көрсету шартымен ғана жіберіледі.

Ғаламтор желісі болмаған кезде, мобильді қосымша істен шықса немесе өзге де себептер болған жағдайда туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне демалушылардың (келушілердің) статусын тексермей, келесі жағдайларда:

- берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда);

- немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасын);

- DAMUMED медициналық сервисінен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде кіруге рұқсат берілген.

«Сары/қызыл» статусы бар жеке тұлғаларға туристік-рекреациялық аймақтарға келуге тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылғы 15 маусымнан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты санитарлық ережелер мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.