ГТО (генетикалық түрлендірілген организмдер) – геннің жиынтығы жасанды түрде өзгертілген организм. ГТО көбінесе ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын өсімдік түрлері. Бұл гербицид пен пестицидке төзімділікті арттыру, зиянкестерге төзімділікті арттыру және егіннің өнімділігін арттыру үшін құрамына бөтен гендер орналастырылған өсімдіктер.
Қандай генетикалық түрлендірілген организмдер өсіріледі?
Бүгінгі күні генетикалық түрлендірілген организмдер көптеген елдерде өсіріледі. Алдыңғы қатарда АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Қытай, Австралия. Еуропада Испания, Германия, Болгария және Румыния. Дүние жүзінде бәрінен көп өсірілетін генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің түрі: соя, жүгері, мақта, картоп, қызанақ, асқабақ және күріш. Қазақстанда, негізінде рапс өсіріледі, дәлірек айтқанда рапстың 80% Солтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.
Егер құрамында генетикалық түрлендірілген организмдері бар тағам өнімдерін сатып алғыңыз келмесе, не істеу керек?
Біріншіден, тағам өнімінің сыртқы түріне назар аударыңыз. Генетикалық түрлендірілген организмдердің сыртқы формасында, түрінде мін жоқ. Олардың пішіні дұрыс, мөлшері бірдей болады. Жаңа ген сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімділігін арттыруы салдарынан көпке дейін бұзылмайды. Егер көкөністер жәндіктермен зақымдалған болса, онда сіздің алдыңызда табиғи өнім.
Тағамда ГТО барын анықтау үшін оның құрамын мұқият оқу қажет. Әдетте өндірушілер тауар құрамындағы ГТО-ны ұсақ шрифтпен көрсетеді. «Түрлендірілген» деген сөзді іздеңіз: көбінде бұл түрлендірілген крахмал, түрлендірілген соя немесе түрлендірілген жүгері. Тағамда ГТО жоқ болса, «ГТО құрамында жоқ» немесе «ГТО-сыз» деген таңбасы болады. ГТО құрамында бар, бірақ мөлшері нормадан аспайтын (0,9 %-тен көп емес) тағамдар да дүкен сөрелерінен кездеседі.
Шығыс Қазақстан облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. 2020 жылы ГТО анықтау мақсатымен ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің тапсырысымен ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының зертханасында 116 сынама алынып, зерттелді. 2021 жылдың басынан бері 94 сынама алынды. Сараптама нәтижесінде сәйкес келмеушілік анықталған жоқ.