
Қазақстан Республикасында 2024–2028 жылдарға арналған Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерді (ХМСР) және Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ХМСР-де көзделген негізгі мүмкіндіктер талаптарына сәйкестігіне кіру пункттеріне ішкі бағалау жүргізуде.
Осы жұмыс аясында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямгазина және аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Б. Ашимханова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кіру пунктін бағалау жөніндегі сауалнамасын пайдалана отырып, «Өскемен әуежайы» АҚ кіру пунктін бағалау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысына қатысты.
Жүргізілген жұмыс халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды анықтауға және ден қоюға кіру пункттерінің дайындығын бағалауға, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау әлеуетін арттыруға бағытталған.
Бағалау қорытындысы бойынша Халықаралық медициналық-санитариялық ережелер талаптарына сәйкес кіру пункттерінің негізгі мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жөнінде тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.