
Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Е. Қорабаевтың төрағалығымен кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямғазина, Зайсан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Н. Каирлина, Зайсан ауданының аудандық ауруханасының бас дәрігері М. Мырзабекова қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасының күнтізбесіне сәйкес халықты профилактикалық егумен қамту, Зайсан ауданындағы медициналық ұйымдардың иммунопрофилактикалық жұмыстарының жай-күйі және өзекті мәселелер қаралды.
Жиын барысында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, вакцинацияның маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру, медициналық қарсы көрсетілімдерді нақтылау және тұрғындарды иммундаумен қамту деңгейін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.