Балалар ойыншықтары. Оларды сатып алу барысында неге назар аудару қажет.

Балалар ойыншықтары. Оларды сатып алу барысында неге назар аудару қажет.

Балаға ойыншық таңдағанда әрқайсымыз дұрыс және ең бастысы қауіпсіз таңдау туралы ойлауымыз қажет. Ойыншықтардың ассортименті соншалықты үлкен және алуан түрлі, тек көздеріңіз жүгіріп қана қоймай, сонымен қатар маңызды сұрақ туындайды бұл әртүрліліктен ойыншықты қалай дұрыс таңдауға болады, сонда ол балаға қызықты ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығы үшін де қауіпсіз бе?

Бірінші ереже. ЕАЭО аумағына шығарылатын немесе әкелінетін барлық балалар ойыншықтары Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарына сәйкес келуі тиіс, сондықтан өндіруші немесе өнім беруші тарапынан сәйкестік сертификатын міндетті түрде ұсыну қажет. Сертификатқа енгізілген ойыншықтардың тізіміне және ойыншықтың таңбалануына назар аударыңыз көрсетілген ақпарат сәйкес келуі керек.

Ойыншықтың таңбалауында мынадай ақпарат орналастырылуы тиіс:

* ЕАС белгісі (Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі);

* ойыншықтың атауы;

* ойыншық жасалған елдің атауы;

* дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы және орналасқан жері, олармен байланысу үшін мәліметтер;

* дайындаушының тауар белгісі (бар болса);

* баланың ең төменгі жасына арналған ойыншық немесе баланың жасын білдіретін пиктограмма;

* негізгі құрылымдық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда);

* ойыншыққа күтім жасау әдістері (қажет болған жағдайда);

* шығарылған күні (айы, жылы);

* қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар орнатылған кезде);

* сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).

Екінші ереже. Осал жастағы балаларға арналған ойыншықтарды мұқият бақылау мақсатында ойыншықтарға арналған техникалық регламент ойыншық 3 жасқа дейінгі және 3 жастан асқан балалардың жасын белгілейді. 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықта оларды жұтып қоймас үшін ұсақ бөлшектер болмауы керек. Сондай-ақ, жүн, шыны, фарфор, былғары, талшықты резеңке, картон және қағаз, ішкі қабы жоқ көлемі 3 мм және одан аз түйіршіктер, ылғалды ортада мөлшері 5% - дан асатын сылдырмақ тәрізді ойыншық толтырғыштары болмауы керек. Баланың аузымен жанасатын сылдырмақ ойыншықтар мен ойыншықтардың үстіртін бояуға және сурет салуға  жол берілмейді.

Үшінші ереже. Балалардың жасына қарамастан ойыншықтарды таңдағанда, ата-аналар өткір бөлшектерге, серіппелерге, бекіткіштерге, шығыңқы жерлерге, ойыншықтың бұрыштарына назар аударуы керек, олар баланың жарақат алу қаупін болдырмауы қажет. Ойыншық, оның құрамдас бөліктері мен қаптамасы баланың тұншығуына қауіп төндірмеуі керек. Ойыншықтардағы сұйық толтырғыштың ағып кетуіне жол берілмейді. Ойыншықтардың қорғаныс және сәндік жабыны дымқыл өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне төзімді болуы керек.

Жұмсақ ойыншықты сатып алғанда, тігістердің берік болуын, толтырғышта қатты немесе өткір бөгде заттардың болмауын тексеру керек.

Баланың денесін су бетінде ұстауға арналған ойыншық герметикалық, берік болатындай етіп  жасалған болуы керек.

Баланың салмағын көтеретін және мінуге арналған ойыншық берік және тұрақты болуы керек (екі доңғалақты велосипедтерден басқа). Еркін жүріс механизмі немесе беріліс қорабының бейтарап жағдайы бар механикалық немесе электр жетегі бар ойыншықтардың тежегіш құрылғысы болуы тиіс.

Оптикалық ойыншық баланың көру қабілетін түзетуге байланысты тәуекелді азайту үшін дайындалып және жасалуы керек.

Жарықдиодты қолданатын ойыншықтар баланың көру мүшелеріне теріс әсер етпеуі керек, зиянды сәулелер тудырмауы қажет. Ойыншықтарда барлық түрдегі лазерлік сәулелену жүйелерін пайдалануға тыйым салынады.

Электр ойыншығында, сондай-ақ оның бірде-бір құрамдас бөлігінде номиналды кернеу 24 В аспауы тиіс.

Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибелер жиынтығына жатпайтын ойын жиынтығында араласқан кезде ауамен жанғыш немесе жарылғыш бу қоспаларын түзуге қабілетті заттар немесе реактивтер болмауы керек.

Төртінші ереже. Ойыншықтар баланың моральдық-эмоционалдық әл-ауқатын сақтауы керек және оны:.

1) агрессивті әрекеттер;

2) қатыгездіктің көрінісі;

3) азғындық пен зорлық-зомбылық;

4) баланың жас құзыреттілігінен тыс жыныстық мәселелерге зиянды қызығушылық;

5) балалар мен ересектердің нәсілдік ерекшеліктері мен дене кемістіктеріне немқұрайлы және теріс көзқарасқа арандатпау керек.

Мысалы, қару-жарақ ойыншығы кісі өлтіруді имитациялайтын ойындарға арналған. Ал бала үшін ойын «өтірік емес», ойнау арқылы ол өзінің қиялын тудыратын нақты оқиғаларды бастан кешіреді. Сондай-ақ, ойыншық құбыжықтар балаларда бақыланбайтын агрессияны тудыруы мүмкін, зейіннің шоғырлануы мен таралуының бұзылуын тудырады, баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасын құрудағы қиындықтардың себебі болуы мүмкін. Бұл ойыншықтар жеке қасиеттердің қалыптасуына тікелей әсер етеді бала қуыршақтың бейнесін көшіріп: онымен сәйкестендіреді, тұйық, сенімсіз, зұлым бола алады.

Біздің берген ұсыныстарымыз сізге ойыншықты дұрыс таңдауға көмектеседі деп үміттенеміз. Егер сіз ойыншықтарды таңбалаусыз немесе басқа да бұзушылықтармен (өткір немесе жағымсыз иіс, қолға ойыншықтын жабысқақтығы мен бояуы, өткір немесе тым қатты дыбыс, сынғыш жиектер мен жарықтар, жұмсақ ойыншықтағы әлсіз тігістер), сондай-ақ өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттарсыз тапсаңыз, онда Сіз нақты факті бойынша  және сатумен айланысатын субъектіні/объектіні көрсете отырып (растайтын құжаттармен (фото, видео, чек)) өтініш Шығыс Қазақстан облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына бере аласыз. Басқармалардың мекенжайлары мен байланыс телефондары ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/about/structure/87/1?lang=ru