Семинар

Семинар
2026 жылғы 21 шілдеде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен аумақтық департаменттердің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларына жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен заңдылық қағидаттарын нығайту жөнінде түсіндірмелер беріліп, әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.