
Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау – балаңыздың денсаулығы мен жайлылығының кепілі!
🔷Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдау керек?
🔷Жаңа оқу жылы қарсаңында көптеген ата-ананы мектеп сөмкесін сатып алу мәселесі алаңдатады.
Мектеп сөмкесін таңдаудың негізгі ережелеріне тоқталайық.
Мектеп сөмкесі – оқулықтар мен дәптерлерді тасымалдауға арналған жай ғана керек-жарақ емес. Ол – оқушының мектеп өмірінің маңызды бөлігі. Себебі оның сапасы мен дұрыс таңдалуы баланың жайлылығына, денсаулығына және көңіл күйіне тікелей әсер етеді.
Әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдау өте маңызды. Себебі дұрыс таңдалмаған сөмке баланың тез шаршауына, арқасының ауыруына, тіпті омыртқа қисаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан мектеп сөмкесін таңдау – белгілі бір талаптарды ескеруді қажет ететін жауапты шешім.
Дұрыс таңдалған мектеп сөмкесі – балаңыздың дұрыс дене қалпының кепілі!
Мектеп сөмкесін таңдауға қатысты негізгі ұсынымдар өте қарапайым.
Ең алдымен сөмкенің салмағына назар аудару қажет. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп сөмкесінің бос салмағы 700 грамнан, ал орта және жоғары сынып оқушыларына арналған сөмке, портфель немесе рюкзак.
Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау – балаңыздың денсаулығы мен жайлылығының кепілі!
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдау керек?
Жаңа оқу жылы қарсаңында көптеген ата-ананы мектеп сөмкесін сатып алу мәселесі алаңдатады.
Мектеп сөмкесін таңдаудың негізгі ережелеріне тоқталайық.
Мектеп сөмкесі – оқулықтар мен дәптерлерді тасымалдауға арналған жай ғана керек-жарақ емес. Ол – оқушының мектеп өмірінің маңызды бөлігі. Себебі оның сапасы мен дұрыс таңдалуы баланың жайлылығына, денсаулығына және көңіл күйіне тікелей әсер етеді.
Әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдау өте маңызды. Себебі дұрыс таңдалмаған сөмке баланың тез шаршауына, арқасының ауыруына, тіпті омыртқа қисаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан мектеп сөмкесін таңдау – белгілі бір талаптарды ескеруді қажет ететін жауапты шешім.
Дұрыс таңдалған мектеп сөмкесі – балаңыздың дұрыс дене қалпының кепілі!
Мектеп сөмкесін таңдауға қатысты негізгі ұсынымдар өте қарапайым.
Ең алдымен сөмкенің салмағына назар аудару қажет. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп сөмкесінің бос салмағы 700 грамнан, ал орта және жоғары сынып оқушыларына арналған сөмке, портфель немесе рюкзактың бос салмағы 1000 грамнан аспауы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп сөмкесі пішінін сақтайтын қатты арқалықпен және салмақты екі иыққа біркелкі түсіретін кең иықбаулармен жабдықталуы қажет. Сөмкенің ені баланың иық енінен аспауы керек. Сөмкенің төменгі бөлігі бел деңгейінде орналасуы тиіс.
Дене қалпының дұрыс қалыптасуына ықпал ететін анатомиялық пішіндегі ортопедиялық арқалығы бар үлгілерді таңдаған жөн. Арқалығы ауа өткізетін торлы жабынмен қапталған болуы қажет. Белдік белбеуінің болғаны дұрыс.
Сөмкенің өлшемі баланың иығынан жоғары да, белінен төмен де болмауы тиіс. Бірінші сынып оқушылары үшін оңтайлы биіктігі – 30–36 см.
Мектеп сөмкесі жеңіл, берік, ылғал мен кірге төзімді және көзге жақсы көрінетін ашық немесе контраст түсті материалдардан дайындалуы керек.
Оқушыларға арналған портфельдер мен рюкзактарда баланың қараңғы уақытта көрінуін қамтамасыз ету үшін алдыңғы, бүйір беттерінде және жоғарғы қақпағында жарық қайтаратын элементтер болуы тиіс.
Мектеп сөмкесін сатып аларда келесі жайттарға да назар аударуды ұсынамыз:
-жарық қайтаратын элементтердің болуы;әртүрлі заттарға арналған ыңғайлы бөлімдердің болуы;тігістерінің берік әрі сапалы орындалуы;иықбауларын реттеу мүмкіндігі;тасымалдауға арналған ыңғайлы тұтқасының болуы.
Ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері:
сөмкені «өскенде де жарайды» деген оймен үлкен етіп сатып алады;
сөмкенің салмағына мән бермейді;
тек сыртқы келбетіне қарап таңдайды;
баланың үстіне кигізіп көрмей сатып алады.
Санитариялық дәрігерлер ретінде берер кеңесіміз: мектеп сөмкесін таңдағанда міндетті түрде балаңызға кигізіп көріңіз. Оның арқасына қалай орналасқанын, иықбауларын реттеу ыңғайлы ма, соны тексеріңіз.
Есіңізде болсын: дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі баланың дене қалпының бұзылуына әкелуі мүмкін!