2026 жылға арналған маусымдағы балалалар демалысын ұйымдатсыру туралы

2026 жылға арналған маусымдағы балалалар демалысын ұйымдатсыру туралы
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2026 жылдың жазғы кезеңінде 12 маусымдық қала сыртындағы лагерьлер жұмысы жоспарлануда.
2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 11 лагерьде балалардың демалысы мен сауықтыру басталды. Самар ауданының бір лагерінде дайындық жұмыстары жалғасуда, оның аяқталуы 2026 жылдың 15 шілдесінде жоспарланған.
Жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында барлық балалар сауықтыру лагерлерінде жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар кешені орындалды:
- тұрғын үйлерді жөндеу;
- тиісті актілерді ресімдей отырып, инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
- сумен жабдықтау жүйесін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, орындалған жұмыстар актілерін ресімдей отырып, ауыз суға зертханалық зерттеулер жүргізу;
- аумақтарды қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстарын орындау;
профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу.
Барлық жұмыс істеп тұрған лагерьлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын және балалардың болуының, сауығуының, демалуының және тамақтануын ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайларына кепілдік беретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алды.