Ағымдағы жылдың 22 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын орындау аясында облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты мамандардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, әкімшілік заңнама нормаларын қолдануда бірыңғай тәсілді қалыптастыру, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді қозғау және жүргізу барысында заңдылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерімен таныстырылып, құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға талқылау барысында туындаған сұрақтар бойынша қажетті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.