Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Алтай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Іс-шара барысында әкімшілік тәжірибені жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ талап қою-арыз жұмысын жүргізу процестері зерделенді.
Талдау қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.