2026 жылғы 24 маусымда Шемонаиха ауданындағы «Убе» автомобильдік өткізу пунктінде өткізілген комиссиялық тексеруге қатыстым.
Бұл шаралар «Шығыс Қазақстан облысындағы «Убе» автокөлік өткізу бекетін жаңарту және жаңғырту» жобасы шеңберінде жүргізілді.
Өңіріміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының сақшылары ретінде біздің назарымызда өткізу бекетінде, келушілерді қарап-тексеруге, тағам өнімдері мен басқа да мүлік-заттарды уақытша дұрыс сақтауға арналған арнайы жабдықталған бөлмелер мен ғимараттардың болуы, түрлі жұқпалы ауруларға қарсы талаптарға сай жабдықталған санитариялық-карантиндік пункттердің (СКП) болуы, сондай-ақ сырқат адамдарды уақытша оқшаулауға арналған жабдықталған бөлмелер мен алаңдардың болуы болды.
Өйткені шекаралық өткізу пункттерінің дұрыс ұйымдастырылған әрі тиімді жұмысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады.