Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен 2026 жылғы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарларымен өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша облыс халқының иммунопрофилактикасының жай-күйі қаралды. Сонымен қатар иммундық профилактика және туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ерекше бақылау мен қадағалауға жататын объектілерге жүргізілген мониторингтің аралық нәтижелері талқыланды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Есенгелдіқызы өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, вакцинациямен қамту деңгейі және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі жөнінде баяндама жасады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу және иммундық профилактиканы жетілдіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың бас дәрігерлеріне тиісті хаттамалық тапсырмалар жүктелді. Халықты иммундаумен қамту мәселесі 9 айдың қорытындысы бойынша қайта талқыланатын болады.