Кеңес

Кеңес
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мамандарының Шығыс Қазақстан облысына жасаған мониторингтік сапарының қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т. Жигитаев, Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямғазина және аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы
Б. Ашимханова қатысты.
Кеңес барысында туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері, мониторинг нәтижелері, анықталған кемшіліктер және оларды жою жолдары талқыланды. Іс-шараға облыстың медициналық ұйымдарының басшылары, басшылық құрам өкілдері, фтизиатр дәрігерлер, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының мамандары қатысты.
Кездесу барысында туберкулездің алдын алу, ауруды ерте анықтау, емдеу сапасын арттыру және медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту бағытындағы міндеттер айқындалды.
Халық денсаулығын сақтау және туберкулезге қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.