Төменгі Тайынты су қоймасының жағалауында орналасқан «Царская долина-2026» балалар білім беру-сауықтыру орталығындағы жазғы сауықтыру маусымының салтанатты ашылу мерекесіне қатыстым.
Салтанатты шараға Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов, ШҚО білім басқармасы өкілдері мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М. Төлеген, сонымен қатар облыстық әкімшілік ақпарат қызметі, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Әрбір бала тағатсыздана күтетін жазғы демалу маусымын кішкентай бүлдіршіндер мен оқушылардың қуанышын жүздерінен көру қиын болған жоқ.
Алда екі жарым ай демалыс. Балалар суға түсіп, күнге қыздырынып, доп қуып, мәре-сәре болатын кезең.
Ондай болса, Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармалар мамандары балақайлардың демалысының барынша сәтті өтуіне тілектес қана болып қоймай, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық шеңберінде жағдай тудыруға барынша тырысатын болады.
Демалу маусымы бойында балалардың демалу, тамақтану, денсаулықтарын жақсарту сұрақтары санитариялық-эпидемиологиялық қызметі мамандарының қатаң қадағалауында болады.
Жазғы маусым барысында сауықтыру ұжымының мамандарына асхана мен жатын орындарға қойылатын талаптардың сақталуы бойынша кеңес берілді.
Іс-шара балалардың күшімен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасып, соңы алау жағумен ұласты.