Құрбан Айт кезінде тамақтан уланудың алдын алу

Құрбан Айт кезінде тамақтан уланудың алдын алу
Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезеңі. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев төмендегі талаптарды сақтауды ұсынады.
Мал сату, сою бекеттерінде:
- құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс;
- мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы керек;
- қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтауы қажет.
Үй жағдайында:
- қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
- тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
- шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.
 Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:
✓ суық, ыстық сумен жабдықтау, су тартумен қамтамасыз ету, келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, сүрту және (немесе) кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақтау;
✓ желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
✓ тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ілеспе құжаттамасының болуы;
✓ тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында санитариялық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету;
✓ персоналда арнайы киімнің, медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшасының болуы;
✓ күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеру.

❖ Естеріңізге сала кетейік! Жоғарыда аталған санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды сақтамау, халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциялары ауруларының туындауына әкеп соқтыруы мүмкін!!!