Құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу

Құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  базасында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңдылық, қызметтік тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қолданыстағы заңнама нормаларын, құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ кәсіби және қоғамдық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жан-жақты түсіндірді.