Таза Қазақстан

Таза Қазақстан
Бүгін облыс әкімі Н. Сақтағановтың бастауымен Өскемен қаласының жанындағы Шешек асуында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық саябағының салтанатты ашылуына қатысып, ағаш егіп, өңірдің көркеюіне атсалыстым.
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоршаған ортаны қорғау, тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы осындай маңызды бастамаларды әрдайым қолдайды.
Жаңа саябақ өңір тұрғындарының бірлігі мен табиғатқа жанашыр көзқарасының айқын көрінісі деп білемін.