
2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті (әрі қарай-Департамент) және оның аумақтық басқармалары жазғы сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы №78 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 14-тармағына сәйкес балаларды маусымдық сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (әрі қарай –СЭҚ) алуы қажет.
Осыған орай, Департамент басшысының бұйрығы негізінде әр лагерьде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қатамасыз етуге жауапты мамандар бекітіліп, олар нысандарды дайындауды сүйемелдеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетеді.
СЭҚ алу үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі, оның ішінде су сапасы, үй-жайлардың жағдайы, микроклимат және жарықтандыру тексеріледі.
Сондай-ақ, су айдындары мен іргелес аумақтарға мониторинг жүргізіліп, су мен топырақ сынамалары алынады.
Департамент сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған лагерьлердің тізімі апта сайын жаңартылып отырады.
Облыс аумағында балалардың жазғы демалысы 12 қала сыртындағы маусымдық сауықтыру ұйымдарында жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Үлкен Нарын ауданында орналасқан «ЖШС Мұзтау и К» «Приморск» балалар сауықтыру лагері 31.03.2026 жылы №KZ75VWF00538807 СЭҚ алды.
Сауықтыру ұйымдарында дайындық жұмыстары жалғасуда.