Жұмыстық сапары бойынша

Жұмыстық сапары бойынша
Облыс әкімінің орынбасары Б.Байахметовтың басшылығымен құрылған жұмыс тобының құрамында Глубокое ауданының туристік нысандарының қызметімен танысып, олардың халыққа қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізуге қатыстым.
Бағдарлама аясында аудан аумағында орналасқан «Eco-Rest», «Конный двор» демалыс базаларының, «Дарын» балалар лагерінің, «Изумрудный» санаторийінің, «The Forest» мейрамханасының және «Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортының инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасының деңгейімен таныстық.
Сапардың негізгі мақсаты – туристік нысандардың инфрақұрылымын жетілдіру және келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.
Аталған іс-шара барысында туристік нысандардың субъектілерімен тілдесіп, нысандарда санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына ерекше назар аудару қажеттілігін ескертіп, тиісті кеңестер бердім.