Өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалаудың 2026 жыл 1 тоқсанға арналған қорытындысы

Өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалаудың 2026 жыл 1 тоқсанға арналған қорытындысы

Бақылау сатып алуы халық үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
2026 жылдың 1 тоқсанында бақылау сатып алуы шеңберінде 192 өнім сынамасы іріктелді, оның ішінде 106 — тағам өнімдері, 86 — тағамдық емес өнімдер. Бақылау сатып алуды жүргізу барысында негізгі назар Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттерден әкелінетін өнімдерге аударылды. Бұл ретте отандық өндірушілер өнімі 17,7 %, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнімі — 49,4 %, басқа мемлекеттерден импортталған өнім — 32,8 % құрады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде зерттелген өнімдердің 16,1 %-ы (31 сынама) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Оның ішінде: тағам өнімдері — 14 сынама, тағамдық емес тауарлар — 17 сынама.
Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) айналымнан алып қою түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы 14 қаулы шығарылды. Қаулыларды орындау шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан жалпы салмағы 17,9 кг өнім 79 677 теңге сомасына айналымнан алынды.
Қарау нәтижелері бойынша аспаздық өнім — хот-догқа берілген бір декларацияның күші жойылды (микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталды: КМАФАнМ — 2×10 КОЕ/г, БГКП 0,1 г-да табылды).
Сонымен қатар 7 өнім түрі бойынша декларациялардың қолданылуы 1 ай мерзімге тоқтатылды.