Кене арқылы берілетін инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері

Кене арқылы берілетін инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері
 

2026 жылғы 22 сәуірде «Кене арқылы берілетін инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.

Семинар ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямгазинаның және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Капанованың кіріспе сөзімен ашылды.

Іс-шара медициналық қызметкерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Онда кене инфекцияларының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу мәселелері қарастырылды.

ШҚО бас штаттан тыс инфекционисті Н. Сапарғалиева «Кене арқылы берілетін вирустық энцефалит пен Лайм ауруының клиникасы, дифференциалды диагностикасы және емі» тақырыбында баяндама жасады.

ШҚО СЭБД ИПАЭБ бөлімінің басшысы А. Қалыкова 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңі бойынша кене инфекцияларымен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайын баяндады.

ШҚО СЭБД ИПАЭБ бөлімінің бас маманы                      С. Айдарбекова кене инфекциялары ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.

ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері Г. Сейтқазина зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері жөнінде баяндады.