Кеңейтілген семинар-кеңеске қатысу туралы

Кеңейтілген семинар-кеңеске қатысу туралы
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы – Кокебаева А.А., жұқпалы және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің бас мамандары – Вялова Ю.В., Айдарбекова С.М. С.М., Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің мамандарымен бірлесе отырып өңірдегі демалыс ұйымдарының басшыларына арналған «Жазғы сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесте сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға пайдалануға сапалы дайындау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіз демалысын, сауықтыруын, тамақтануын, медициналық қызмет көрсетуін ұйымдастырудың өзекті мәселелері және ішек инфекциялары, кене инфекциясынан алдын-алу шаралары талқыланды.
Семинар-кеңес барысында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.