Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде коммунальдық нысандарды бақылау бөлімінің мамандары ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Е. Пивоваровтың қатысуымен «2026 жылдың 1- тоқсаны бойынша жұмыс нәтижелерін талдау және 2 жартыжылдыққа арналған міндеттер» тақырыбында Департаменттің аумақтық бөлімшелері мамандарына арналған семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы, мемлекеттік қызметтер көрсету, нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, сондай-ақ СЭН базасы мен ЕКПО ақпараттық жүйелерінің толтырылуына талдау, Жол картасының орындалуы қаралды. Сонымен қатар, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.ч