Бүгін облыс әкімі Н. Сақтағановтың қатысуымен, ҚР Президентінің кеңесшісі Б. Сапиевтің төрағалығымен өткен кеңеске қатыстым.
Кеңес барысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы, туристік дестинациялардың дамуы, мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу және экопарктер құру мәселелері қаралды.
Кеңес барысында облыс әкімі Н. Сақтағанов аталған бағыттар бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, кеңес соңында облыстың жергілікті атқарушы органдары мен басқармаларының, сондай-ақ аумақтық ведомстволық департаменттер мен басқармалар басшыларына өңірді көркейту және туризмді дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармаларының ұжымдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған жобалар аясында ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
Сонымен қатар, әр жұма сайын сенбілік ұйымдастырылып, қаламыздың Серікбаева көшесінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.с