
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Е.И. Пивоваров Шығыс Қазақстан облысының әкімі төрағалық еткен зауыт құрылысы және аумақтарды санитариялық тазарту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңесте қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мен бейберекет қоқыс үйінділерін жоюды ұйымдастыру мәселелері де қамтылды.
Кеңес барысында елді мекендердің санитариялық жағдайы саласындағы өзекті мәселелер қаралды, оның ішінде контейнерлік алаңдардың толып кетуі, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және қалдықтарды уақытылы шығармау мәселелері талқыланды.
Инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша заманауи нысандар салу, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халық арасында тазалықты сақтау және қоқыс шығару бойынша келісімшарттар жасасу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша қалдықтарды басқару саласындағы нысандар құрылысы жобаларын іске асыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін қысқа мерзімде жою және қалдықтарды шығару жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.