
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы С. Слямғазинаның төрағалығымен ерекше бақылау мен қадағалау санатына жатқызылған объектілерге барып, мониторингті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске аумақтық бөлімшелердің мамандары қатысты. Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған мониторинг жүргізудің өзекті мәселелері қаралды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы С. Слямғазина өз баяндамасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және белгіленген талаптарды сақтау мақсатында осы жұмыста жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Өскемен қалалық бақылау басқармасының ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы М. Аимханова ЕРСОП базасында мониторинг жүргізілетін объектілерді тіркеу тәртібін түсіндіріп, деректерді уақтылы әрі дұрыс енгізу қажеттігіне назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және ерекше бақылаудағы объектілерге бақылауды күшейтуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.