Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандары үшін оқыту семинары өткізілді

Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандары үшін оқыту семинары өткізілді
Ағымдағы жылдың 31 наурызында білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің мамандары ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Е. Пивоваровтың қатысуымен департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандары үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша түсініктемелер берілді: “Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларға арналған субъектілерді (объектілерді) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа тәсілдері”, “Берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың сапасын талдау”, “Ұйымдастырылған балалар ұжымдарында тамақтан уланудың алдын алу”.
Сондай-ақ білім беру және тәрбие объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.с