Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті онлайн-отырысы

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті онлайн-отырысы
Ағымдағы жылдың 26 наурызында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы есептілік және төтенше жағдайларға ден қою тетігін реттейтін нормативтік-құқықтық және рәсімдік базаны айқындау және талдау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті онлайн-отырысы өтті.
Ведомствоаралық жұмыс тобы ҚР ДСМ, ҚР ТЖМ, ҚР АШМ өкілдерінің қатысуымен ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы базасында құрылды.
Аталған отырыста ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Е.И. Пивоваров «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға есеп беру және ден қою тетіктерін реттейтін нормативтік-құқықтық және рәсімдік базаны анықтау және талдау» тақырыбында баяндама жасады. Спикер барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Онлайн отырыста жұмыс тобының мүшелері ведомствоаралық жұмыс тобының мақсаттары мен міндеттерімен танысып, ұйымдастыру мәселелерін талқылап, жұмыстың алдағы қадамдарын айқындады.
Осы ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға есеп беру және ден қою тетіктерін реттейтін нормативтік-құқықтық және рәсімдік базаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ықпал етеді.