ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Е. Пивоваров, білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б.Дырымбаева және бөлімнің бас маманы А.Көкебаева мектепке дейінгі тәрбие объектілерінің басшыларына (151 адамның қатысуымен) «Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге (объектілерге) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың тәсілдері “ туралы және “Ұйымдасқан ұжымдардың балалары арасында тамақтан уланудың алдын алу” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған құжат балалардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске бақылау мен қадағалау жүргізудің ерекше тәртібі енгізіліп,келесідей түрде жүзеге асырылады:
•Жоспарлы тексерулер,
•Жоспардан тыс тексерулер,
. Тергеу,
•Объектілерге бару арқылы мониторинг – бақылаудың жаңа нысаны.
Жоспарлы тексеру нысанына енгізілген өзгерістер:
1.тексерудің басталуы туралы бақылау субъектісіне алдын ала хабарлау тәртібінің күшін жоюы;
2.ерекше тәртіп бойынша объектілерге алғашқы бару кезінде әкімшілік айыппұл түріндегі шара қолданылмайды;
3.бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (ЖАО) лауазымды адамдарының әрекетсіздігіне қатысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсынуын енгізу;
Семинар-кеңес барысында аталған нормативтік-құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.