«Халықтың денсаулығы үшін қоршаған ортаның қауіптері және жұқпалы емес аурулардың ауыртпалығының алдын алу. ДДҰ жобалары үшін бағалау критерийлері жүйесінің әдістемесі»

«Халықтың денсаулығы үшін қоршаған ортаның қауіптері және жұқпалы емес аурулардың ауыртпалығының алдын алу. ДДҰ жобалары үшін бағалау критерийлері жүйесінің әдістемесі»
 
   2026 жылдың 17-19 наурыз аралығында Департамент басшысының орынбасары Е.Пивоваров, тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі басшысының м.а. А.Қайрғазина, сондай-ақ осы бөлімнің бас маманы А.Тоқтарқанова «Халықтың денсаулығы үшін қоршаған ортаның қауіптері және жұқпалы емес аурулардың ауыртпалығының алдын алу. ДДҰ жобалары үшін бағалау критерийлері жүйесінің әдістемесі» тақырыбында оқыту семинарына қатысты.
   Семинар Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар қоршаған орта факторларының халықтың денсаулығына әсерін бағалау, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобалары шеңберінде критерийлер, көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесін қолдану әдіснамасына ерекше назар аударылды.
 Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қоршаған ортаны ластаушы заттардың әсер ету тәуекелдерін есептеу мен талдаудың, алынған нәтижелерді түсіндірудің, сондай-ақ алдын алу шараларын әзірлеу мен негіздеудің заманауи тәсілдерін игерді.с