Семинар өткізу туралы

Семинар өткізу туралы
 
 Ағымдағы жылдың 18 наурызында ШҚО СЭБ департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын орындау аясында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
   Семинардың мақсаты – мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әкімшілік заңнаманы іске асыруда бірыңғай тәсілді қалыптастыру және әкімшілік іс жүргізуді қозғау мен жүргізу кезінде заңдылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
 Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға талқылау барысында туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.