
Наурыз мейрамын тойлау — бұл мол дастарқан, көптеген қонақтар және Наурыз көже сияқты дәстүрлі тағамдардың уақыты. Наурыз мейрамы кезінде көпшілік іс-шаралар, түрлі тағамдар әзірлеу және қонақ күту көбейеді. Санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда тағамнан улану және жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады.
Тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары:
- тамақ дайындаудың және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу;
- таза ыдыс-аяқ пен асүй құралдарын пайдалану;
- науқас адамдардың тамақ дайындауына жол бермеу.
- азық-түлікті тек ресми сауда орындарынан сатып алу;
- өнімнің жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аудару;
- қаптамасы бүлінген өнімдерді сатып алмау.
- көкөністерді, жемістерді және көкті мұқият жуу;
- жұмыртқаларды қолданар алдында жуу және термиялық өңдеуден өткізу;
- етті, құсты және балықты толық пісіріп дайындау.
- дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау;
- тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;
- шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.
- бір рет қолданылатын немесе жақсы жуылған ыдыстарды пайдалану;
- сапасы күмәнді тағамдарды тұтынбау;
- тағам дайындау және тарату орындарында тазалық сақтау.
Наурыз көже — құрамында дәнді дақылдар, ет және сүт өнімдері (қымыз, шұбат, қатық) бар күрделі тағам.
Құрамдас бөліктердің балғындығы: Сүт немесе ақ өнімдерін бүкіл кастрюльге емес, тікелей дастарқанға ұсынар алдында қосыңыз.
Сақтау: Ақ қосылмаған көже ұзағырақ сақталады, бірақ оның өзін дайындалғаннан кейін 24 сағат өткен соң тұтыну ұсынылмайды.
Қарапайым гигиена және тағам қауіпсіздігі ережелерін сақтау Наурыз мейрамын қауіпсіз өткізуге көмектеседі.