Наурыз мейрамы кезіндегі тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларынң алдын алу

Наурыз мейрамы кезіндегі тағамнан уланудың және жіті  ішек инфекцияларынң алдын алу

Наурыз мейрамын тойлау — бұл мол дастарқан, көптеген қонақтар және Наурыз көже сияқты дәстүрлі тағамдардың уақыты. Наурыз мейрамы кезінде көпшілік іс-шаралар, түрлі тағамдар әзірлеу және қонақ күту көбейеді. Санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда тағамнан улану және жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады.

Тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары:

  1. Жеке бас гигиенасын сақтау

- тамақ дайындаудың және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу;

- таза ыдыс-аяқ пен асүй құралдарын пайдалану;

- науқас адамдардың тамақ дайындауына жол бермеу.

  1. Азық-түлікті қауіпсіз сатып алу

- азық-түлікті тек ресми сауда орындарынан сатып алу;

- өнімнің жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аудару;

- қаптамасы бүлінген өнімдерді сатып алмау.

  1. Өнімдерді дұрыс өңдеу

- көкөністерді, жемістерді және көкті мұқият жуу;

- жұмыртқаларды қолданар алдында жуу және термиялық өңдеуден өткізу;

- етті, құсты және балықты толық пісіріп дайындау.

  1. Сақтау шарттарын сақтау

- дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау;

- тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;

- шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.

  1. Көпшілікке арналған дастархандарда сақтық

- бір рет қолданылатын немесе жақсы жуылған ыдыстарды пайдалану;

- сапасы күмәнді тағамдарды тұтынбау;

- тағам дайындау және тарату орындарында тазалық сақтау.

Наурыз көже — құрамында дәнді дақылдар, ет және сүт өнімдері (қымыз, шұбат, қатық) бар күрделі тағам.

Құрамдас бөліктердің балғындығы: Сүт немесе ақ өнімдерін бүкіл кастрюльге емес, тікелей дастарқанға ұсынар алдында қосыңыз.

Сақтау: Ақ қосылмаған көже ұзағырақ сақталады, бірақ оның өзін дайындалғаннан кейін 24 сағат өткен соң тұтыну ұсынылмайды.

Қарапайым гигиена және тағам қауіпсіздігі ережелерін сақтау Наурыз мейрамын қауіпсіз өткізуге көмектеседі.