Алтай, Үлкен Нарын ауданына іс-сапар бойынша

Алтай, Үлкен Нарын ауданына іс-сапар бойынша
Бүгін, 16 наурызда, Алтай, Үлкен Нарын ауданына қызметтік іс-сапарым барысында Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) облыстық филиалының директоры Р. Байшыбаевамен бірге Алтай ауданының әкімі Ренат Тлеуханұлы Құрмамбаевтың қабылдауында болып, аудан әкімімен аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы шеңберінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары мен ҰСО филиалының аудандық бөлімшесі мамандарының бірлескен қызметтері мен аумақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жайында әңгімелестік.
Кездесу барысында мамандарымыздың қызметтік және әлеуметтік жағдайлары (ғимараттың техникалық күйі, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және т.б.) де талқыланды.
Аудан әкімі Р. Құрмамбаев мүмкіндігінше көмек көрсетіп, қолдау жасайтындарын айтып қуантты.
Аудан әкімшілігіне алғысымызды білдіре отырып, мамандарымыздың аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсартуда қажымай қызмет атқаратындарына сенім білдірдік.