Жеке қабылдау бойынша

Жеке қабылдау бойынша

Шығыс Қазақстан облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғындардың бірқатар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштері қаралды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының тұрғыны Шыңғыс Құрманхан Серікбаев көшесінде орналасқан караоке-бардың санитариялық қауіпсіздігі мәселесін көтерді.

Аталған өтініш бойынша Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды: өтініш жұмысқа қабылданды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес санитариялық заңнама талаптарының сақталуын бағалау мақсатында тиісті тексеру жүргізілетін болады.

Тексеру қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданатын болады.