Онкоскрининг

Онкоскрининг

Онкоскрининг: 20, 30, 40 және 50 жаста қандай тексерулерден өту керек?

Онкоскрининг- белгілі бір жас тобындағы адамдарға жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеру, оның мақсаты- қатерлі ісіктің бастапқы белгілерін және ісіктерді ерте кезеңде анықтау. Онкопатологияны ерте анықтау онкоскрининг арқылы жүзеге асырылады және денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады, себебі бұл ауруды ерте кезеңде анықтап, емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді және емнің тиімділігін арттырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы №874 қаулысымен Қазақстан Республикасында қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы онкологиялық аурулармен диспансерлік есепте 15 мыңнан астам адам тіркелген, 2556 жаңа жағдай анықталған және облыстың 140 мыңнан астам тұрғыны скринингтік тексерулерден өткен.  

Қатерлі ісік скринингі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың мақсатты топтары арасында жүргізіледі.

20-30 жас:

Бұл жаста дерматоскопиядан өту ұсынылады- меланоманы ерте анықтау мақсатында меңдер мен пигментті дақтарды визуалды тексеру. Тексеру жылына 1 рет жүргізіледі.

30-74 жас:

Осы жас тобындағы әйелдерге жатыр мойны обырына скрининг жүргізіледі- цитологиялық зерттеу (ПАП-тест) 4 жылда бір рет тапсырылады.

40-76 жас:

Сүт безі обырына скрининг- әйелдерге маммография әр 2 жыл сайын жүргізіледі;

50-76 жас:

Колоректалды обырына скрининг ерлер мен әйелдерге әр 2 жыл сайын жүргізіледі. Нәтижесі оң болған жағдайда колоноскопия тағайындалады.

Онкоскринингтен тұрақты өту онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Денсаулығыңыз үшін маңызды қадам жасаңыз- онкоскринингтен дер кезінде өтіңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

 

 

 

 

Онкоскри