Қауіпсіз дастархан: Қасиетті Рамазан айында тағамнан уланудың алдын алу жолдары

Қауіпсіз дастархан: Қасиетті Рамазан айында тағамнан уланудың алдын алу жолдары
 
 
Ауызашар (ифтар) – қуаныш пен жүздесудің сәті. Алайда көп адамға арнап тағам дайындау және көктемгі жылы ауа райы тағам қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Рамазан айында дәстүрлі түрде қонақ шақырылып, мол дастархан жайылады.
Бірақ ұзақ уақыт ашығып, кейін молынан ас ішу тағам сапасы мен қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауды қажет етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қарапайым санитариялық талаптарды сақтамау денсаулыққа ауыр салдар әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Кешкі ауызашар тағамнан уланумен аяқталмас үшін бірнеше қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтау қажет, – дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Пивоваров Е.И.
Ең бірінші жеке гигиенаны сақтау – қауіпсіздіктің негізі!
Инфекцияның басты көзі – лас қол. Тағам дайындамас бұрын және ас ішер алдында қолды сабынмен жуу – бұлжымас қағидаға айналуы тиіс.
Тамақ дайындауға ЖРВИ белгілері бар, ішек ауруларымен немесе терінің іріңді ауруларымен ауыратын адамдарды жіберуге болмайды.
Тағам дайындауды бастар алдында , шикі етті өңдегеннен кейін және тікелей ас ішер алдында қолды сабынмен жуу қажет.
Тек таза ыдыс-аяқ пен ас үй құралдарын пайдаланыңыз.Шикі өнімдерге (ет, балық) және дайын өнімдерге (нан, көкөніс, ірімшік) арналған бөлек тақтай мен пышақ қолданыңыз.
Сатып алу: тек ресми сауда орындарынан!
Бірінші ,қауіпсіз тағам неден басталады– бұл дұрыс сатып алудан басталады. Біз, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ретінде өнімдерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан алуға кеңес береді.
Белгісіз адамдардан немесе бейберекет сауда орындарынан тағам сатып алмаңыз деп ескертеді. Өнімнің жарамдылық мерзімін, қаптамасының бүтіндігін және сақтау шарттарын міндетті түрде тексеріңіз. Әсіресе сүт өнімдері, ет және дайын салаттарға мұқият болыңыз.Қаптамадағы белгілеуге назар аударыңыз. Банкада майысу, ісіну немесе тот байқалса – ондай өнімнен бас тартқан жөн.
Екінші, бөлек және салқын жерде сақтау ережелерін есте сақтау қажет!
Ораза кезінде тағамды алдын ала және көп мөлшерде дайындау жиі кездеседі. Бұл – қауіпті. Тағамды бір кеште тұтынылатындай етіп дайындаған дұрыс.
Жаңа дайындалған ас – денсаулықты сақтаудың ең сенімді жолы.
Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.
Тез бұзылатын өнімдер (ет, құс еті, жұмыртқа, салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер) +2…+6 °C температурада тоңазытқышта сақталуы тиіс.
Шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауға болмайды.
Дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз, ал жылы күндері – бұл уақыт 1 сағатқа дейін қысқарады.
Көп құрамды салаттар, паштеттер, құйма тағамдар мен кремі бар өнімдер – микробтар үшін қолайлы орта екенін есіңізде сақтаңыз. Оларды ұзақ тоңазытқышта да сақтауға болмайды.
Майонез немесе соус қосылған салаттарды бірден тұтынған жөн. Барлық салатқа бірден соус қоспай, әр порцияға жеке-жеке қосыңыз.
Үшінші,үйде дайындалған консервілерге ерекше назар аударуды ұмытпаңыз!
Тағам қауіпсіздігінің жеке тақырыбы – үйде дайындалған консервілер. Ботулизм қаупін еске саламыз – бұл ауыр әрі кейде өлімге әкелетін уытты инфекция. Ботулизм бактериялары ауа кірмейтін банкаларда көбейеді.
Егер үй консервілерін (саңырауқұлақ, ет, балық, көкөніс) қолдансаңыз, оларды міндетті түрде 15–20 минут термиялық өңдеуден өткізіңіз. Қақпағы ісінген, тұзы лайланған өнімдерді бірден тастау керек. Мешіттерде және қоғамдық тамақтану орындарында үй консервілерін қолдануға қатаң тыйым салынады.
Екінші, кулинарлық өңдеу – микробтарды жоятынын есте сақтау қажет!
Ет, құс еті және балық толық пісіріліп, жақсылап қуырылуы немесе қайнатылуы тиіс. Жоғары температура ауру қоздырғыштарды жояды.
Етті бөлме температурасында немесе ыстық суда ешқашан жібітуге болмайды. Бұл бактериялардың көбеюіне әкеледі. Дұрыс тәсіл – тоңазытқышта немесе салқын ағынды судың астында жібіту.
Көкөністер мен көк шөптерді сірке суы қосылған суда (1 литр суға 3–4 ас қасық) жібітіп, кейін ағынды сумен жақсылап жуу қажет.Жұмыртқаны да қолданар алдында сабынмен жуған жөн.
Жаппай іс-шаралар – жақыныңа деген қамқорлық!
Егер ауызашарды үйде немесе мешітте көпшілікке арнап ұйымдастырсаңыз, қол жууға жағдай жасалғанына және бөлменің желдетілуіне көз жеткізіңіз.
Тағамдардың бөлме температурасында ұзақ тұрып қалмауы үшін жеткілікті тоңазытқыш жабдығы болуы керек.
Қоғамдық тамақтану орындарында қызметкерлердің медициналық кітапшасы болуы және күнделікті медициналық тексеруден өтуі міндетті.
Есте сақтаңыз: уланудың алғашқы белгілері – жүрек айну, құсу, іштің ауруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Егер ауызашардан кейін өзіңіз немесе жақындарыңыз жүрегі айнып, іші ауырып, әлсіздікті сезінсе:
1.Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз (әсіресе дәрігерсіз антибиотик қабылдамаңыз).
2.Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде таза су ішіңіз.
3.Жағдайыңыз нашарласа (жоғары қызу, тоқтамайтын құсу) – жедел жәрдем шақырыңыз.
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауызашарды қауіпсіз өткізу және денсаулықты сақтау үшін осы қарапайым ұсыныстарды сақтауға шақырады.
Қасиетті ай әр шаңыраққа қуаныш, денсаулық пен береке әкелсін!
Оразаларыңыз жеңіл, Рамазан айыңыз қабыл болсын!