Жастар кеңесі

Жастар кеңесі

Департамент жанынан Жастар істері жөніндегі кеңес құрылды. Кеңес жас қызметкерлердің бастамаларын қолдауға, олардың шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз етуге және әлеуетін дамытуға бағытталған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің құрамы мен ережесі, сондай-ақ ұйымға басшылық тарапынан кураторлық жүргізетін тұлға Департамент басшысының бұйрығымен бекітілді.

Кеңестің негізгі мақсаты – жастардың кәсіби, зияткерлік және шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға үлес қосу.

Ұйым төрайымы болып ұйым мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Департамент бөлімінің басшысы Тоқтамұратова Назерке Асылбекқызы, ал Кеңес жұмысына куратор болып Департамент басшысының орынбасары Пивоваров Евгений Иванович тағайындалды.

Департамент басшылығы Кеңестің жұмыс жоспарларына толық қолдау білдіріп, алға қойған мақсаттарының орындалуына және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне жан-жақты қолдау көрсететін болады.

Қ.Тұрдиев,
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы,