
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы жұмысын қорытындылау және 2026 жылда атқарылатын іс-шараларды талдап орындау жоспарларын талқылауға арналған кеңейтілген жедел кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысы зейнет демалысына шыққан ардагерлер Шемонаиха аудандық басқармасының басшысы И.М.Кисамгалиева мен Өскемен қалалық басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Л. Каримованы құттықтап, марапаттаумен басталды.
⚜️Кеңеске департамент басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімдер мен аумақтық басқармалар басшылары, сондай-ақ ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшылығы, зертханалар меңгерушілері мен филиалдың аудандық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кеңесте аталған мәселе бойынша
• Департамент басшысының орынбасарлары С. Слямғазина мен Е.Пивоваровтың, ҰСО филиалының директоры Р.Байшыбаеваның баяндамалары және департамент басшысының орынбасары А.Чидербаевтың аумақтық басқармаларының жылдық қызметтерін рейтингтік бағалау бойынша ақпараты тыңдалды. Рейтинг қорытындысы бойынша Күршім, Катон Қарағай, Зайсан аудандары арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы А.Калыкова облыс аумағындағы 2025 жылғы иммунопрофилактиканың жай-күйі туралы баяндады.
Ведомстволық бағынысты аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жайында Алтай, Күршім ауданы және Риддер қалалық басқармалары басшылары есеп берді.
Жиын барысында Департамент жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі кеңестің төрайымы Н.Асылбекқызы, кеңеске қатысушылардың жаңадан құрылған Кеңестің алдағы бағыт-бағдары мен жұмыс жоспарымен таныстырды. Департамент тарапынан Кеңес мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тіленіп, жұмыс кабинетінің кілті табысталды.
Қ.Тұрдиев,
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, м.ғ.к.