Қызылшаның алдын алу

Қызылшаның алдын алу
Қызылша – ең жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі. Ауа-тамшылы жолмен беріледі және бірнеше ай бойы иммундық жүйені едәуір әлсіретуі мүмкін.
Негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, жөтел, ауыз қуысының шырышты қабатындағы дақтар, бүкіл денеге тарайтын бөртпе.
Мүмкін болатын асқынулары: отит, пневмония, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, соқырлық, ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Қауіп тобына: вакцина алмаған балалар, жүкті әйелдер, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген адамдар жатады.
Алдын алудың ең сенімді жолы - вакцинация. Қазақстан Республикасында қызылша, паротит және қызамыққа (ҚҚҚ) қарсы екпе Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 12-15 айлығында және 6 жасында тегін жүргізіледі.
Өз денсаулығыңыз бен балаңыздың болашағына бейжай қарамаңыз. Жоспарлы вакцинация - қауіпсіздік пен денсаулық кепілі.
 
 
 
 
 
 
с