Семинарға қатысу туралы

Семинарға қатысу туралы

Облыс әкімдігінде ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Г. Балаеваның төрағалығымен, облыс әкімінің орынбасары Ж. Омардың қатысуымен өткен кеңеске қатыстым.
Кеңесте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова республикадағы инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары арасында профилактикалық егу іс-шаралары Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында, облыстың Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілуде.
Соған қарамастан, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес нысаналы топтағы тұрғындарды профилактикалық егумен қамту деңгейі 94,5 пайызды құрап, оңтайлы көрсеткіштерге 14 екпенің тек 5-еуі бойынша ғана қол жеткізілді.
Алдағы уақытта облысымыздың медициналық ұйымдары алдында жұмыла орындалмаған екпелер бойынша көрсеткіштерді жақсарту тапсырмасы тұр.