Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар бірлестігінің «ШҚО кәсіподақтар орталығы» ұйымдастыруымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және электр қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинары бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен өтті. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады. Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық департаменті атынан Департамент бөлімінің басшысы Тоқтамұратова Назерке Асылбекқызы баяндама жасады.
Семинар гибридті форматта (Zoom-конференцияарқылы онлайн және офлайн) өткізілді. Семинар барысында спикер барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді.с