Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 3 ақпандағы № 28/54 бірлескен бұйрығының негізінде Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тарапынан аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде Нипах вирусынан туындайтын аурулардың алдын алу іс-шаралары бойынша облыстық семинар ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында өткізілді.
Іс-шараны өткізу медицина қызметкерлерінің аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде Нипах вирусына дайындық деңгейін арттыруға, ауруларды ерте анықтау және уақтылы әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Семинарды ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Е. Слямгазина кіріспе сөзбен ашты.
2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңінде аса қауіпті инфекциялар, оның ішінде Нипах вирусынан туындаған сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б. Ашимханова баяндады.
Аса қауіпті инфекциялардың клиникасы, дифференциалды диагностикасы және емдеу мәселелері (Нипах вирусынан туындаған ауру, оба, тырысқақ, сібір жарасы және т.б.) жөнінде Шығыс Қазақстан облысының бас штаттан тыс дәрігер-инфекционисі Н. Сапаргалиева баяндама жасады.