
Бүгін, 2026 жылдың 4 ақпанында, облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың облыс азаматтарын қабылдауына қатыстым.
Облыс әкімінің қарауына түскен сұрақтардың бірі – Глубокое ауданының Белокаменка ауылындағы ауыз су сапасы.
Осы мәселе бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан облыс әкіміне хабарланды, аталған мәселе Департаменттің Глубокое аудандық басқармасында қаралып, тиісті іс-шаралар атқарылған, арызданушы А.А. Палараменкоға жауап берілгені жайында сонымен қатар,
2025–2026 жылдары ауыз судың қауіпсіздігін мониторингілеу аясында аталған ауылдың су құбырларынан алынған су сынамаларына жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ауыз су сапасы нормативтік талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпарат берілді.