
Ағымдағы жылдың 03 ақпанында 2026 жылға арналған бөлімнің жұмыс жоспарының 6-тармағының 6.2-тармақшасын орындау шеңберінде техникалық регламенттердің сақталуын бақылау бөлімінің басшысы М.М. Қалқанбаева Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Кеңес ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция форматында өтті.
Семинардың мақсаты — Шығыс Қазақстан облысы аумағында бақылау сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу, тексерулерді жүзеге асыру, сондай-ақ жедел әрекет ету шараларын қолдану мәселелері бойынша мамандардың кәсіби даярлығы мен практикалық дағдыларын арттыру болды.
Семинар барысында 2025 жыл қорытындысы бойынша өнімге бақылау сатып алу жүргізу, тексерулер өткізу және жедел әрекет ету шараларын қолдану нәтижелері қаралып, атқарылған жұмысқа талдау ұсынылды.с