Семинар-кеңес өткізу туралы

Семинар-кеңес өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 03 ақпанында Департамент басшысының орынбасары С. Слямғазинаның төрағалығымен аумақтық басқармалардың басшылары мен мамандарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы халқының 2025 жылдың қорытындысы бойынша иммундау жағдайы, сондай-ақ 2026 жылға арналған міндеттер қаралды.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының иммундау жағдайы, 2026 жылға арналған міндеттер» және «№4 электрондық нысан – “Профилактикалық егулермен қамту туралы есепті” қалыптастыру мәселелері» тақырыптарында жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А. Қалықова баяндама жасады. Баяндамада халықты профилактикалық егулермен қамтуға жүргізілген талдау, Ұлттық егу күнтізбесінің орындалмау себептері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған Басқарма алдындағы басым міндеттер көрсетілді. Сонымен қатар, екінші баяндамада №4 нысан бойынша электрондық есептілікті қалыптастыру және ұсыну кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

Бас маман Ж.З. Кусманова облыста полиомиелитке эпидемиологиялық қадағалаудың сезімталдығы мәселесін қозғап, басқармаларға индикаторлық көрсеткішке қол жеткізу мақсатында балалар арасында жедел сал ауруларын (ЖСА) белсенді анықтау іс-шараларын күшейту тапсырылды.

Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Б.К. Әшімханова облыс халқының аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезге қарсы иммундау жағдайы, сондай-ақ егулермен қамту бойынша есептілікті ұсыну барысында жіберілген қателіктер туралы ақпарат берді.

Кеңес қорытындысы бойынша вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу тиімділігін арттыруға және профилактикалық егулерді есепке алу жүйесін жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.