Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңіндегі халыққа арналған ұсынымдар

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңіндегі халыққа арналған ұсынымдар
Қала аумағында бес күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары Экология департаментімен және «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына көшпелі мониторинг жүргізді.
 Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан бақылау күн сайын жүзеге асырылды. Өлшеулер санитариялық-қорғау аймақтарында және жеке тұрғын үй секторында негізгі ластаушы заттар бойынша жүргізілді: азот қосылыстары, көміртек оксиді, күкірт қосылыстары және хлоридтер.
 Атмосфералық ауаның жай-күйіне келесі факторлар әсер етеді:
* автокөлік құралдары;
* өнеркәсіптік кәсіпорындар;
* пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй секторы.
Сондай-ақ екі су электр станциясының (СЭС) болуы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыста қатпауына әкеледі, бұл қалың тұманның пайда болуына жағдай жасайды. Қыс мезгілінде жеке секторда қатты отынның (көмір мен отын) жағылуы ауада ұзақ уақыт сақталатын ұсақ дисперсті бөлшектердің (күйе мен күл) пайда болуына ықпал етіп, ластану деңгейіне әсер етеді.
Атмосфералық ауаның сапасына мониторинг тұрақты негізде жалғасуда.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңіндегі халыққа арналған ұсынымдар
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) кезінде атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттар жиналады. Мұндай жағдайда профилактикалық шаралар кешенін білу және қолдану зиянды әсерді айтарлықтай әлсіретіп, тіпті адам ағзасына тигізетін әсерін болдырмауы мүмкін.
ҚМЖ кезінде адам ағзасын қорғауға арналған профилактикалық шаралар:**
✅Әсіресе сағат 10:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта дене белсенділігін және ашық ауада болуды шектеу.
✅Қажет болған жағдайда медициналық маска тағу.
✅Терезелер мен есіктерді жабық ұстау.
✅Күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу.
✅Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз сілтілі минералды су, шай ішу, сондай-ақ ауыз қуысын ас содасының әлсіз ерітіндісімен жиі шаю, душты жиі қабылдау.
✅Тамақ рационына пектинге бай өнімдерді енгізу: қайнатылған қызылша, қызылша шырыны, алма, жеміс кисельдері, мармелад, сондай-ақ итмұрын, мүкжидек негізіндегі дәруменді сусындар, шөп қайнатпалары, табиғи шырындар. Табиғи талшық пен пектинге бай көкөністер мен жемістерді салаттар мен пюре түрінде көбірек тұтыну.
✅Балалардың тамақ рационында тұтас сүт, қышқыл сүт өнімдері, жаңа дайындалған сүзбе, ет өнімдері (сиыр еті, бауыр — темірге бай тағамдар) тұтынуды арттыру ұсынылады. Уытты заттарды шығару және ағзаны тазарту үшін: тагансорбент, тагангель-айя, белсендірілген көмір қолдану ұсынылады.
ҚМЖ кезеңдерінде мүмкіндігінше қала сыртына немесе саябақ аймақтарына шығу ұсынылады.

Ауа райы жағдайлары, қолайсыз метеорологиялық кезеңдер және атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты ресми дереккөздерден алу ұсынылады.
Ресми және сенімді ақпарат Қазақстан Республикасының ұлттық гидрометеорологиялық қызметі — «Қазгидромет» РМК-ның [www.kazhydromet.kz](http://www.kazhydromet.kz) ресми сайтында орналастырылған.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! 🌱**